$ 494.87  520.65  4.91

Сот әнші әйелін ұрып-соққан Бауыржан Ашығалиевті ақтады

Амалы таусылған әйел көгерген денесін көрсетіп желіге видео салып, көпшіліктен көмек сұрағаны жайлы да отандық БАҚ жарыса жазды.
Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz

Алматыда өткен сот отырысында әнші әйелі Ксения Ашығалиеваны ұрып-соққан Бауыржан Ашығалиев ақталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ксения Ашығалиеваның заңгері тағы екі күдіктіні - Бауыржан Ашығалиевтің досы мен ұрлауға қатысқан қызды жауапқа тартуды өтінген. Дегенмен, сот оның өтінішін қанағаттандырмады. Әйеліне зәбір көрсеткен адамды соттың ақтағаны жөніндегі ақпарат "Не молчи" қоғамдық қорының Facebook парақшасында жарияланды. 

"Тек учаскелік инспектордың пікірімен санасқан сот, Бауыржан Ашығалиевті толық ақтады! Куәгерлердің сөзі мен сот сараптамасының нәтижелері ескерілмеді!", - делінген қордың ресми парақшасында. 

Оған қоса, қор парақшасында "Әйелдер, сіздер ешкім емессіздер, сіздерді ұруға, зорлауға, өлтіруге болады, сосын сіз полицияға арызданатын болсаңыз, жалған айыптау бойынша соттайды. Бұл соттың шешімі көптеген проблемаларды меңзейді. Тальгодағы оқиға туралы іс барлықтарыңыздың естеріңізде!", - деп ашынғаннан үлкен әріптермен жазылған секілді. 

Естеріңізге сала кетсек, әнші Ксения Ашығалиева "соққыға жығып, өлтірмек болды" деп күйеуін айыптаған еді. Әйел көгерген денесін көрсетіп желіге видео салып, көпшіліктен көмек сұрағаны жайлы да отандық БАҚ жарыса жазды. Тіпті, әншінің жары болған мән-жайды айтқаны туралы видео тараған болатын.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сот #әнші