$ 494.87  520.65  4.91

«Для любимого папы»: Алтынай Жорабаева жолдасын көрсетті (ВИДЕО)

"Қалай өзге адамды "папа" деуге болады?", "Бағы ашылсын", "Бұрынғы әншілер әндерін жарнамалаушы еді , қазіргі әнші қатындар байларын перчаткише айырбастап, байларын жарнамалайтын болды ғой".
Фото: Skifnews.kz коллаж
Фото: Skifnews.kz коллаж

Жақында ұзатылған Алтынай Жорабаева күйеуін көпшілікке көрсетті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жаңа әкесінің мойнына асылған қыздарын әнші Instagram-дағы Stories-ке жүктеген.

Жорабаева видеоға "адамның қандай екенін ит пен бала сезеді деп бекер айтылмаса керек" жазба қалдырған.

Видеода Жорабаеваның қызы Көркем анасы мен "әкесіне" ерекше тосын сый жасап жатыр. Көркем қолдан жүрек жасап, ішіне "для любимого папы" және "для любимой мамы" деп жазған.

Видеоны көрген желі қолданушыларының басым көпшілігі Алтынай Жорабаеваның "ит терісін басына қаптауда". Кейбірі бақыт тілеп жатыр.

Тағы оқи отырыңыз: 

«Арғындар ұлы жүзбен құдаласып жатырмыз ал!»: Жорабаеваның келіні әншінің сүйіктісі туралы айтты

«Тұрмыс құруымды менен бұрын қыздарым қалады» - Алтынай Жорабаева

"Қалай өзге адамды "папа" деуге болады?", "Бағы ашылсын", "Бұрынғы әншілер әндерін жарнамалаушы еді , қазіргі әнші қатындар байларын перчаткише айырбастап, байларын жарнамалайтын болды ғой", "Төрін емес, төсегін көрсеткені несі", "Баяннан үлгі алған ғой", "Беташар жасап жатыр ма?", "Жолдан қосылған адам ешқашан бағын ашпайды", "Мүлдем ақылға сыймайтын іс қой", "Қыздарын бөтен еркекке сүйгізгені несі?!", "Қазақтың қазақшылығы осылардың кесірінен құрып бара жатыр-ау", - деп шуласты олар.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Алтынай Жорабаеваның тұрмысқа шыққанын жазған болатынбыз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары