$ 447.4  477.55  4.76

Шет елдің «Roses» әніне ремикс жазған қазақ жігітінің нұсқасы 150 млн қаралым жинады (ВИДЕО)

Әлемдік чарттарда да ең көп тыңдалатын трекке айналды.

Тағы бір қазақстандық талант! Иманбек Зейкенов жазған трек әлемдік чарттарда аса танымал. Америкалық әнші, рэпер Карлос Сент-Джонның «Roses» әніне жас музыкант екі сағаттың ішінде ремикс нұсқасын жазған. Рэпердің Ютуб арнасына жүктелген аудионұсқа бүгінде 150 миллионнан астам қаралым жинады. Әлемдік чарттарда да ең көп тыңдалатын трекке айналды.

Иманбек Зейкенов – Павлодар өңірің қарапайым тұрғыны. Жігіт темір жол станциясында сигналшы болып жұмыс істейді. Ал бос уақытында ән жазумен айналысады. Жас музыканттың ерекше таланты шетелдік компаниялар мен орындаушылардың қызығушылығын оятты.

Дереккөз: Shownews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары