$ 443.85  474.3  4.8

Нұртас Айдарбековтың әлеуметтік желіге жүктеген ВИДЕОсы елді тәнті етті

Маған ешкім ұнамайды шешеңді сүйемін - деген Қайраттың әкесіне желі қолданушылары түрлі пікірлерін білдіруде.
Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz

Қазақстандық белгілі әнші Қайрат Нұртастың әкесі жұбайы Гүлзира Айдарбековаға сезімін ерекше жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz. 

Бұл видеоны әншінің анасы  Instagram парақшасында жариялады. 

Жақында ғана жарыққа шығып, лезде көрермендердің көңілін баурай білген Қайраттың "Сені сүйем" әнін тыңдап келе жатқан әкесі Гүлзира ханымға аталмыш әнді айтып  берді.

 - Маған ешкім ұнамайды шешеңді сүйемін - деген Қайраттың әкесіне желі қолданушылары түрлі пікірлерін білдіруде.

Олардың асқан махаббатына ыстық лебіздерін білдіріп, бақыт тілеушілер қарасы көп. - "Осылай бақытты болып әрқашан бірге балдарыңыздың қызығын көріңіздер. ауырмаңыздар, Дендеріңіз сау болсын. Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Алла тек бақытты күндерді көрсетсін", "Күштііі. Сіздердің жолдарыңызды бізге берсін", "Жарасар қалай айтсаңда, Алтыннан алқа таксаңда. Ғашықтықтың жыр әні, Гүлекең соған тұрады", "Гүлзира әпке өзіңізде не айтатын күтпей қалдыңыз-ау! Түріңізге қарап күлдім әбден. Әдемі болып кеттіңіз күлгенде " - дейді желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары