$ 498.34  519.72  4.85

Нұржан Керменбаев неліктен екі неке жүзігін тағатынын айтты

Нұржан Керменбаев өмірге қызы келгеннен кейін әйеліне көзқарасының өзгергенін мойындаған еді.

«Түнгі студия» бағдарламасына қонаққа келген әнші Нұржан Керменбаев көпшілікке өз құпиясымен бөлісті. Өнер иесі неліктен екі неке жүзігін қолына тағатынын айтып берді.

Бағдарлама жүргізушілерінің бірі әншіден «Әдетте үйленген адамдар бір неке жүзігін тағады. Неге сізде екеу?», - деп сұрады. Ал Керменбаев қолына неліктен екі жүзік тағатынын түсіндірді.

«Менде де екі бас емес. Біреуі — неке жүзігі. Екіншісі кезінде продюсерімнің мейрамға сыйлаған сыйлығы еді. Содан естелік ретінде қалып қойған. Жақсы көретін жүзігімнің бірі. Сондықтан шешпей тағып жүрмін», — деп жауап берді әнші.

Айта кетейік, Нұржан Керменбаев өмірге қызы келгеннен кейін әйеліне көзқарасының өзгергенін мойындаған еді.

 Kznews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары