$ 449.58  486.94  4.86

«Көлігін рұқсатсыз кіргізген»: Полиция Төреғали Төреәлінің гидке қол жұмсағанын растады

Сонымен қатар, Төреғали Төреәлінің Көлсайда төбелес шығарғанын "Көлсай көлдері" ұлттық табиғи паркі де рас деп отыр.

Әнші Төреғали Төреәлінің жас жігітті соққыға жыққаны туралы мәліметке қатысты Ішкі істер министрлігі пікір білдірді. Әншінің үстінен қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлады министрліктің ресми Telegram арнасы. 

"29 қыркүйек күні әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында осы жарияланым анықталды. Оқиға 28 қыркүйек күні Алматы облысы, Кеген ауданында орналасқан "Көлсай көлдері" ұлттық паркінің аумағында болған. Құқық бұзушылық ҚР ҚК-нің 293 - бабында көзделген қылмыс құрамының белгілері бойынша тіркелді. ҚР заңнамасына сәйкес, барлық қажетті сараптамалық зерттеулер жүргізіп, оқиғаның шынайы мән-жайларын анықталатын болады. Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Алматы облысы полиция департамент басшылығының бақылауына алынды", - делінген ресми хабарламада.

Сонымен қатар, Төреғали Төреәлінің Көлсайда төбелес шығарғанын "Көлсай көлдері" ұлттық табиғи паркі де растаған. 

Айта кетер болсақ, бұған дейін желіде Төреғали Төреәлінің жас жігітпен төбелескен видеосы тарағаны туралы жазған едік.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары