$ 442.05  474.14  4.74

Танымал халық ақыны өмірден өтті

Бұл дүние не болып кетті?! Астанадан таң бозымен тағы бір ауыр хабар жетті.

Қазақстанның халық ақыны, белгілі айтыскер, сатирик, композитор, журналист Қонысбай Әбіл көз жұмды. Бұл туралы ақын, журналист Ұлықбек Есдәулет Facebook парақшасында бөлісті.

«Бұл дүние не болып кетті?! Астанадан таң бозымен тағы бір ауыр хабар жетті – арқалы ақын Қонысбай Әбіл дүниеден өтіпті! Жалған-ай!.. Қазақстанның Халық ақыны, алты Алаштың ардақтысы, сөз сүлейі, сайыпқыран сатирик, қарымды қаламгер, асыл азамат бұл пәниден бақиға көшіпті! Көкірегім қарс айырыла отырып, марқұмның отбасына, аяулы ақынын қадірлейтін халқымызға көңіл айтамын. Бақұл бол, досым! Жаның жаннатта болсын!» – деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары