Қарағанды облысы Шахтинск қаласының іргесіндегі Шахан елдімекенінде көпқабатты үйдің опырылып құлағанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, апат салдарынан қаза тапқандар саны бүгінде 9 адамға жеткен.
Оқиға 1 қаңтар күні кешке орын алған. Қарағанды облыстық ТЖД кезекшілік бөліміне төтенше жағдай туралы ақпара сағат 22:40-та келіп түскен болатын. Алғащында құтқарушылар бір адамның мәйітін тапқанын хабарлады. Бүгінде опат болғандар саны 9 адамға жетіп отыр. Олардың үшеуі ер кісі, үшеуі әйел және үшеуі кішкентай балалар.
Оқиға орнында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар қирандының астынан адамдарды іздеп жатыр.
Куәгерлердің айтуынша, үйдің құлауына қазандықтың жарылуы себеп болған.