Жаңалықтар 18.03.2023 сағат 22:30

Қызылордада киік аулауды кәсіп еткен тұрғын ұсталды

Күдікті уақытша ұстау изольяторына қамалды.
Қызылордада киік аулауды кәсіп еткен тұрғын ұсталды
Фото: pixabay
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Алты киік аңына ұқсас жануардың өлі денесі, 130 мүйіз, 12 калибрлі аңшы мылтығы, 26 дана оқ және жол талғамайтын көліктен табылып, тәркіленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қызылорда облысы ПД КПБ жойылып кету қауіпі төніп тұрған киік жануарын заңсыз аулап, оның мүйізі мен етін тасымалдап, сақтап, өткізіп, қылмыстық жолмен қаражат тауып жүрген 42 жастағы қала тұрғынын ұстады.

"Алты киік аңына ұқсас жануардың өлі денесі, 130 мүйіз, 12 калибрлі аңшы мылтығы, 26 дана оқ және жол талғамайтын көліктен табылып, тәркіленді. ҚР ҚК 339-бабы 2-бөлігінің 2- тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деді Қызылорда облысы ПД КПБ-ның аға жедел уәкілі Жалмағамбетов Даулет.

Күдікті уақытша ұстау изольяторына қамалды.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар