Атырауда тағы да жел күшейіп, шаңды дауыл көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін, 25 сәуірде таңертең жаңбыр сіркіреген еді. Алайда, одан кейін жел екпіні күшейіп, шаңды дауылды көтеріп жіберді. Екпіні секундына 20-22 метр жылдамдыққа жететін жел соғып тұр.
Кеше 112 қызметінен «Атырау облысында 25 сәуірде жел ұйытқып, шаңды дауыл болады», - деген ескерту келген еді.
Ал, полиция қызметкерлері жүргізушілерді жолда абай болуға шақырды. «Жолда жүру ережесін, көліктер арақашықтықты сақтау қажет», - дейді полицейлер.