$ 489.06  536.21  5.05

Талдықорғанда білім бөлімінің есепшісі жымқырған қаражат 2 миллиард теңгеге жетті

Аудиторлық тексеріс әлі де жүріп жатыр.
© AFP 2023 / Sergei Supinsky /
© AFP 2023 / Sergei Supinsky /

Жетісу облысының орталығы Талдықорғандағы білім бөлімінің басшысына қатысты тергеу әлі де жүріп жатыр, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі.

"Талдықорған қалалық білім бөлімінің есепшісі шамамен 2 миллирад теңге жымқырған. Аудиторлық тексеріс әлі де жүріп жатыр, бұл соманың өзгеруі мүмкін. Есепшіні ұстаған кезде 1 миллиард теңге тәркіленді. Оның біразы шетел валютасына ауыстырылған. Сондай-ақ тұрғылықты жерінен 14 пәтер, 7 коммерциялық нысанның құжаты табылды", - деп мәлімдеді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали.

Асхат Жұмағалидың айтуынша, есепші ұрлаған қаржы мақсатты түрде жұмсалса Жетісу облысындағы әрбір мұғалім шамамен қосымша 800 мың теңге алар еді.

"Шымкент, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарында мұндай қылмыс түрі кең тараған. Жемқорлыққа мектеп, колледж басшылары мен балабақша меңгерушілерінің де қатысы бар. Жемқорлықтың жартысын білім жүйесіндегі басшылар жасап отыр", - деді агенттік төрағасы.

Еске сала кетейік, білім бөлімінің есепшісі 48 жастағы әйел шетелге қашып кетпекші болған. Бірақ тәртіп сақшылары оны ұстап үлгерді. Үйін тінту кезінде 942 млн 902 мың теңгеден астам қаражат тәркіленді. Бас есепші ұрлаған ақшаның басым бөлігін шетелдік валютаға айырбастап қойған. Бұдан бөлек, 14 пәтер, 7 коммерциялық нысан мен Лэнд Крузер 200 маркалы көліктің құжаттары табылды. Зергерлік бұйымдар да шықты. Қазіргі кезде 1 млрд 200 млн теңгеге бағаланған дүние-мүлікке уақытша шектеу қойылды.

Бас есепшімен бірге оның орынбасары және бірнеше қызметкер қамауға алынды. Олар бірнеше жылдан бері білім саласында жұмыс істемейтін адамдарға ақша аударып жүрген. Өткен жылдың өзінде мектептер арқылы бюджеттің 750 млн теңгесін қалтаға басқан. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары