$ 494.87  520.65  4.91

«Мектеп оқулықтары планшетке ауыстырылмайтын болды» - министр

Сыныптарда интерактивті панельдерді қолдану жоспарланып отыр.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқулықтарын планшеттерге ауыстыру туралы пікірінен айнып қалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бізге ұсыныс жасау тапсырылғандықтан, біз оны тұжырымдап, оқулықтың орнына планшет қолдануды ұсындық. Бірақ салалық министрлік – Оқу-ағарту министрлігі бұл мәселемен айналысып, қазір инновацияны енгізудің басқа әдісін ұсынып отыр. Олардың әдісі басқа, пікірі бөлек. Біз олардың пікіріне сүйенеміз", – деді министр.

Министрдің айтуынша, сыныптарда интерактивті панельдерді қолдану жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#планшет