$ 494.87  520.65  4.91

«Назарбаев канцеляриясының көлемі мен қызметкерлері қысқарған» – Әшімбаев

Алайда оның нақты қанша екенін айта алмаймын.
Фото: Ulysmedia.kz
Фото: Ulysmedia.kz

Сенат төрағасынан бүгін журналистер «экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың канцеляриясы керегі бар ма? Оған миллиардтаған қаржы бөлінеді» деп сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Менің білуімше, канцелярияның көлемі қысқарған. Алайда оның нақты қанша екенін айта алмаймын. Менің білуімше, онда жұмыс істеп жатқан адамдардың саны да күрт қысқарған. Осыған байланысты бюджетті қарағанда біз қаржы мәселесін қарайтын шығармыз. Сондықтан онда бұрынғыдай біраз адам жұмыс істеп жатқан жоқ әрі қазір үлкен функциялар да жоқ», - деді Мәулен Әшімбаев бүгін сенат отырысынан кейін.

Оның айтуынша, батыс мемлекеттерінде АҚШ-тың мысалына қарауға болады.

«Онда экс-президенттердің кітапханалары, музейлері, кішігірім аппараты болады. Бұл жалпы дамыған мемлекеттердегі бар үрдіс. Егер президент қызмет етсе, оның қағаздары мен кітаптары, 1-2 көмекшісі болуы мүмкін. Оның жанында жүретін адамдары болуы керек шығар. Сондықтан мұнда біз ешнәрсені өзіміз тауып жатқан жоқпыз. Ол батыс мемлекеттерінде бар үрдіс. Осыдан біз үйренуіміз керек.

Бұрынғыдай сіз айтқан миллиардтаған қаржы, функциясы бар, мемлекеттік органдармен жұмыс істейтін институт туралы әңгіме жоқ. Онда канцелярия қазір жоқ. Адамдары қысқарған. Қаржы мәселеніне байланысты қаржы министрлігімен бірге бюджетті қарағанда алдағы уақытта талқылаймыз деп ойлаймын», - деді Әшімбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары