$ 494.87  520.65  4.91

«Ақысы күніне 1 бөтелке арақ»: Шымкентте анасы қызын ішімдік үшін жұмысқа жеккен

Анасы қызын “Сәтті” деген кафеге беріп кеткен. Таңғы 5-тен түнгі 2-ге дейін жұмыс істепті, сол жақта қонады.
Коллаж: Azattyq Ruhy
Коллаж: Azattyq Ruhy

Шымкентте жасы 23 келсе де әлі күнге дейін бірде-бір әріп танымайтын, тіпті қолында ешбір құжаты жоқ бойжеткен тұрып жатыр. Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Жас қыз ешқашан мектеп табалдырығын аттамаған. Тіпті өзінің атын да жаза алмайтын күйде. Автордың жазуынша, анасы ішімдікке салынып, әртүрлі ер азаматпен көңіл қосуды әдетке айналдырған.

«Анам бір ішсе домалап құлап жатады, 2-3 айлап үй көрмейді. Сол кезде өгей әкелеріммен қаламын. Әсіресе, Исахан деген көкемен ұзақ тұрды. Басында жақсы аға сияқты болған, артынан тек мені ұратын, талай мәрте мазақ етті. Басымды жарды, үстелді үстіме лақтырды, далаға теуіп шығарды», - деп есіне жалады бойжеткен.

Анасы бір кездері арақ үшін қызын жұмысқа жеккен екен.

«Анасы қызын “Сәтті” деген кафеге беріп кеткен. Таңғы 5-тен түнгі 2-ге дейін жұмыс істепті, сол жақта қонады. «Ақысы шешеңе күніне 1 бутылка арақ» деген. Мұның бәрі бұрын емес дәл бүгін көз алдымызда болып жатқан оқиғалар. Осыдан 4 жыл бұрын 19 жасар қыз ақыры бір өлім деп әкесінің туыстары барын естіп Шымкентке қашып келеді. Содан бері не өзгерді дейсіз бе, ештеме», - деп жазды Гүлмира Әбіқай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары