$ 441.66  475.14  4.86

Мақпал Жүнісова қызы Мерейді туған күнімен ерекше құттықтады (ВИДЕО)

Видеодан Заманбек Нұрқаділовтің қызына арнап тілек айтқанын көруге болады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мақпал Жүнісова қызы Мерейді 21 жасқа толған туған күнімен құттықтады. Халық әртісі Instagram желісінде қызының тұсаукесерінен естелік видеоны бөліскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ

Туған күніңмен, алтыным! 21 жасыңмен, жамандық көрмей өт. Жаныңда адал жандар көп болсын. Мен сенімен мақтана аламын. Аллаға мың шүкір! Ғұмырлы бол, жаным, - деп жазды Мақпал Жүнісова. 

Мақпал Жүнісова бөліскен естелік видеодан Мерейдің тұсауын Бибігүл Төлегенованың кескенін байқауға болады. Кейінірек видеодан Заманбек Нұрқаділовтің қызына арнап тілек айтқанын көруге болады.

Желі қолданушылары әншінің қызына жылы лебізін білдірді.

«Бақытты болсын», «Сіздей анасы бар Мерей бақытты», «Бағы бес елі қыз болсын», «Туған күні құтты болсын», - деді желідегілер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары