$ 444.14  477.05  4.85

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

Ол 2020 жылдың шілдесінен бастап елордалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарып келеді.
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты

Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов қызметінен кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол facebook-парақшасында 29 шілдеде бұл лауазымдағы соңғы жұмыс күні екенін жазды. Ол 2020 жылдың шілдесінен бастап елордалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін атқарып келеді.

Үш жыл... Осы уақыт ішінде сіздермен бірге медициналық көмектің сапасын арттырдық, басым бағыттарды жетілдірдік, қолайлы еңбек жағдайын жасадық, медицинадағы мақсатымызды күнделікті істедік – адам өмірін сақтап қалу, денсаулықты сақтау үшін күресу. Біз жаңа онжылдықтың қорқынышты пандемиясына – коронавирус инфекциясына қарсы тұрдық, - деп жазды Тимур Мұратов әріптестерімен бірге түскен суретін жариялап.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары