$ 495.2  522.34  4.94

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

18 градусқа дейін төмендейді.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, ауа температурасы 18 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қазақстан бойынша 2023 жылдың 22-24 тамызына арналған ауа райы болжамын Қазгидромет жариялады. Республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде қатты жаңбыр жауады.

Алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігінде атмосферада жақсы жылыған және тұрақсыз ауа массалары сақталады, олар жауын-шашынды болады. Батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте күн күркіреп, бұршақ жауып, екпінді жел соғады деп күтілуде, - делінген синоптиктер мәлімдемесінде.

Zakon.kz жазуынша, Республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы күндіз 18-24 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде, қалған аумақта температура фонында айтарлықтай ауытқулар күтілмейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары