$ 495.2  522.34  4.94

Президент Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысымен кездесті

Әңгімелесу барысында қазақ-вьетнам күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылды.
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы Нгуен Фу Чонгпен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Әңгімелесу барысында қазақ-вьетнам күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылды.

Мемлекет басшысының айтуынша, қазақ халқы вьетнам халқы мен елдің жетістіктеріне зор құрметпен қарайды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев өз сапарының негізгі мақсаттарының бірі барлық саладағы ынтымақтастыққа, соның ішінде экономикалық қатынастарға тың серпін беру екенін жеткізді.

photo

 

Президент екі елдің көпжақты байланыстарын нығайту үшін бірлескен жұмыстарды белсенді жүргізуге дайын екеніне тоқталды. Сонымен қатар Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси және экономикалық өзгерістер туралы айтты.

photo

 

Өз кезегінде Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы Нгуен Фу Чонг Қазақстан мен Вьетнам арасында берік достық пен ортақ құндылықтарға негізделген тығыз әрі үйлесімді қатынас орнағанын атап өтті. Сондай-ақ Вьетнам халқы және жеке өзі Қазақстан мен оның халқына әрдайым ерекше құрметпен қарайтынын жеткізді.

photo

Дереккөз: Ақорда

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары