«Қазгидромет» синоптиктері бүгін, 23 тамызда қолайсыз ауа райына байланысты 13 өңірде ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнайды. Жел солтүстік-шығыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 23 тамызда облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, төтенше өрт қаупі күтіледі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, солтүстігінде 15-20 м/с. 23 тамызда облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық сақталады. 23 тамызда облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі.
Абай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 23 тамыз жоғары өрт қаупі күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. 23 тамыз жоғары өрт қаупі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с. 23 тамызда облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 23 тамызда облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. 23-25 тамызда Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 38 градус қатты ыстық сақталады. 23 тамызда облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с. 23 тамызда Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады. 23 тамызда облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. 23 тамызда облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. 23 тамызда Павлодар облысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.