$ 498.34  519.72  4.85

Әуесқойдан жұлдызға дейін: Автокөлік иелері Қазақстандағы ерекше бейнебаянның кейіпкері атанды

Іріктеу үш кезеңнен тұрды.
Фото: Chevrolet
Фото: Chevrolet

2023 жылдың 21 қыркүйегінде Chevrolet ресми түрде Chevrolet Onix иелері арасында халықтық кастинг жариялады. Бір апта көлемінде Қазақстанның әр өңірінен 500-ден аса қатысу туралы өтінім түскен.

Chevrolet дистрибуторы музыкалық бейнебаян түсірді, ал Chevrolet Onix иелері бейнебаянның актері атанды. Іріктеу үш кезеңнен тұрды. Басты талап – автокөлікке иелік ету және жобаға қатысуға деген ынта. 

Екінші кезеңге Қазақстанның әр қаласынан бейнематериал жіберген 19 қатысушы өтті. Үшінші кезеңде Алматы, Өскемен, Екібастұз бен Ақтау қаласынан 5 жеңімпаз таңдап алынды. Олар түсірілімге қатысып, Chevrolet-нің барлық ресми дилерлік орталығында қызмет көрсетуге арналған сертификат пен жеке құттықтауларға ие болды.

Трек жазу туралы идея 2020 жылы Қазақстанда Chevrolet брендімен жұмыс істей бастағанда туындаған. Біз мұны жүзеге асыру үшін орындаушы іздеп, биыл тамызда ән жазылды. Ән бізді қатысушы ретінде автокөлік иелерін шақырып, музыкалық бейнебаян түсіруге жігерлендірді. Осылайша «халықтық кастинг» жобасы пайда болды. Дәл осы форматта клиенттермен жұмыс істеу қызық болды, себебі барлығы кең көлемде өтті, оның үстіне тұтынушылар үшін қызмет етеміз. 

Клиенттермен жолымыз болды, жобаға қатысқандар іріктеу кезеңінде видео материалды дайындау үшін креативті идеяларын қосқан. Жаңа тәжірибеге ризамыз, музыка тек көлік иелері мен брендті ұнататындардың ғана емес, барлық азаматтың көңілінен шығады деп үміттенеміз, – деді Chevrolet дистрибуциясының маркетинг және клиент сервисі бойынша директоры Юлия Кронгарт. 

«Мен түсірілім алаңына алғаш рет келіп тұрмын, оның үстіне музыкалық бейнебаянның түсірілімі. Барлығы ұнады, видеоны жібергеніме мүлдем өкінбеймін», «Мұндай болады деп күтпедім, өз мүмкіндігімді пайдаланғаныма қуаныштымын, соның арқасында қазір осы жердемін. Әрі бізге сертификаттар берді, бұл екі есе қуаныш сыйлайды», «Мен үшін бұл – жаңа тәжірибе, Chevrolet-нің арқасында Алматыға келгеніме разымын. Оның үстіне сүйікті автокөлігімнің брендінің командасымен, – деп қатысушылар түсірілім барысында қуаныштарын жеткізді.

Көлік иелерін тарта отырып жүзеге асырылған Қазақстандағы ерекше жоба – халықтық модель ретінде даму жолындағы ауқымды стратегияның кезекті қадамы. 

Бұл Chevrolet Kazakhstan брендінің алғашқы әні емес. Бұған дейін Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, Makvin, Quryltai DJ қауымдастығы секілді танымал орындаушылармен бірге әуендер жобасы жүзеге асырылған. 

Chevrolet дистрибуторы Қазақстанда мәдениеттің дамуына үлес қосып, музыкалық орындаушыларға қолдау көрсетеді, театр әртістерімен серіктестік орнатып, өнер жолын енді бастаған мәдениет өкілдерін қолдайды. 

Анықтама үшін 

Chevrolet автокөлік брендінің дистрибуциясы 2020 жылдың мамырынан Allur автокөлік компаниясының құрамына енеді. Chevrolet бренді 2021 жылдан бастап ресми нарықта ең көп сатылатын автокөліктер арасында алдыңғы орында тұр. 

Қостанай облысында республикалық «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауында 2022 жылдың 8 қазаны мен 2023 жылдың 21 шілдесінде екі жыл қатарынан Chevrolet Cobalt «Жұртшылыққа арналған үздік тауар» номинациясында жеңіске жетті. 

2022 жылы Kolesa.kz порталы Award премиясының жыл сайынғы қорытындысын жасап, Chevrolet Cobalt тағы да «Жылдың үздік моделі» номинациясын жеңіп алды. 

Өз қалаңыздағы дилерлік орталықтың мекен жайын ресми сайттан таба аласыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары