$ 443.37  474.49  4.83

Мемлекет басшысы Болат Назарбаевтың жаназасына қатыспайды

Ол экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевқа бауырының қазасына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Uysmedia.kz сайтының жазуынша, Қазақстан президенті Болат Назарбаевтың жерлеу рәсіміне қатыспайды. Сайт тілшілері президенттің баспасөз хатшысынан «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы жерлеу рәсіміне қатыса ма?» деп сұраған.

Мемлекет басшысы Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жерлеу рәсіміне қатыспайды, – деді Берік Уәли.

Еске салсақ, бүгін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары