Әрқайсысы атағанын беріп, қасымнан табылып, Қазақияның әр бұрышында қоржын тігіліп, мал сойылып, бірге қуанып жатыр.
Әнші Роза Әлқожа той үстінде келініне өсиет айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
40 жасында ене атанған әншінің қуанышысы қойнына сыймай жүр. Ұлының үйленгеніне қуанғаны соншалық, ол тойда домбыра шертіп, келініне ақыл-кеңес ретінде өсиет арнады.
Талай тойда, жақсылықта жүрген соң адамда тәжірибе көбейіп, ой түйеді екен. Баяғыда бауырыма қыз айттырып барғанда марқұм құдағи: «шырағым, бұл адам саудасы оңай емес» деген. Сол сөз есіме түсе береді. Төрт келін түсіріп, ұзатып алып келіппін. Енді өзіме келін алатын кезде қай жағынан болса да жолдан жығылмай, кемшілік жібермей барсақ дедім. Оған бір-екі әулет емес, бар қазақ атсалысып жатыр. Әрқайсысы атағанын беріп, қасымнан табылып, Қазақияның әр бұрышында қоржын тігіліп, мал сойылып, бірге қуанып жатыр. Аллаға сансыз шүкір, бар жанашырыма рахмет айтқым келеді! Сіздердің арқаларыңызда жоғым табылып, кемім бүтінделді, – деді әнші.
Тіпті Роза Әлқожа қуанышты сәтте көз жасына ерік берді.
Келініме арнап «Келінге өсиет» деген әнімді құрбыларыма орындап беріп едім. «Қыз ұзатуда» айтып бер» деп қолқа салды. Сонымен ұзату тойында тұсауы кесілді. «Жан ботам, жыламағын» деп өзім жылай жаздап әрең тұрмын! Бәлкім, осы күнге көп қиындықпен жеткендіктен болар?! Сөз сөйлегеннен гөрі, әнмен жеткізген оңай екен, – деді Роза Әлқожа.