$ 443.44  480.51  4.88

Әнші Динара Әлжан Болат Назарбаевқа жазба арнады

Айтуынша, Болат Назарбаев әншіге көп жақсылық жасаған. 

Фото: Instagram/dinaraalzhanofficial
Фото: Instagram/dinaraalzhanofficial

Отандық танымал әнші Динара Әлжан әлеуметтік желідегі парақшасында Болат Назарбаевтың қазасына қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші марқұмның жақындарына қайғыра көңіл айтып, Болат Назарбаев өзіне көп жақсылық жасағанын жазды.

Осы жағдайды естіп, көңілім құлазып отыр. Жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Бұл кісінің маған жасаған жақсылығы көп. Бәрі де өткен іс. Алдынан жарылқасын, жаны жәннәтта болсын, - деп жазды ол. 

Айта кетейік, Болат Назарбаев 13 қараша күні сағат 9.51-де 71 жасында қайтыс болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары