Эвакуациялау жұмыстары аса сақтықпен жүргізіліп жатыр.
Газа секторынан Мысырға азаматтарды эвакуациялау басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 24.kz-ке сілтеме жасап.
Құтқару жұмыстары Рафах бақылау-өткізу пункті арқылы жүзеге асырылып жатыр. Мысыр қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, олардың басым бөлігі - шетел азаматтары.
Жаралы жандар үшін қабылдау пунктінде шұғыл көмек көрсетілуде.
Айта кетерлігі, Газа секторының солтүстік бөлігінде бомбалау салдарынан гуманитарлық көмек діттеген жерге жеткізілмей тұр. Эвакуациялау жұмыстары аса сақтықпен жүргізіліп жатыр.
Әлеуметтік сала қызметкерлерінің айтуынша, бірнеше рет медициналық жүк көліктеріне соққы жасалған.