$ 444.14  477.05  4.85

Петропавлда Ұлттық ұлан қызметкері қаза тапты

Қызметтік тергеу тағайындалды, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Фото: basnews.kz
Фото: basnews.kz

Петропавлда Ұлттық ұланның әскери қызметкері ішіне тиген оқтан қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚР Ұлттық ұланы баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қарашада 6637 әскери бөлімінің (Петропавл қаласы) келісімшарт бойынша әскери қызметшісі әріптесінің абайсызда атылған оғынан жарақат алды. Ол шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізілді. 

Алайда оны құтқару мүмкін болмаған.

“Қызметтік тергеу тағайындалды, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстарына көңіл айтады”, – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары