$ 441.58  480  4.86

Астана әкімдігі басқармасының басшысы қамауға алынды

Шенеунік жеке компания басшысынан саяжай түрінде үлкен көлемде пара алды деген күдікке ілінді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Тергеу нұсқасына сай шенеунік жеке ұйымның мүдделерін қорғағаны үшін пара алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеукенов Астананың отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысы не үшін ұсталғанын айтып берді, деп жазды Ulysmedia.kz.

Шенеунік жеке компания басшысынан саяжай түрінде үлкен көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл пара Астананың кәріз тазарту құрылыстарын салу бойынша жұмыстарды жеткізушіні айқындау кезінде жеке ұйымның мүдделерін қорғағаны үшін алынған, – деді Тілеукенов.

Сот шенеунікті тұтқындау жөнінде шешім қабылдады.

Бұған дейін Астанада отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марсель Ұзақов ұсталып, қамауға алынғаны белгілі болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары