$ 494.87  520.65  4.91

Ақбота Керімбекова: Өнер адамдары халыққа қызық емес болып қалды

Сын айтсаң бәлеге қаласың.

Фото: @botakerim
Фото: @botakerim

Сахнада, өнерде жүрген адамдар жұмбақтау болуы керек. Сонда халықтың оларға қызығушылығы артады. Бұл туралы әнші Ақбота Керімбекова «Қызықты weekend» бағдарламасына берген сұхбаты барысында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның пайымдауынша, қазір әншілер мен өнер иелері ішкен-жегенін, жүрген-тұрғанын әлеуметтік желіде сала береді.

Кейде енді өзіміздің әріптестерімізден де бар. Болмашы нәрсені сала береді. Өнер адамы өзінің шынайы бір өнерде жүргенін, тойда, концертте жүргенін, әндерін салса екен деп ойлаймын. Бірақ беталды үй ішін, алған машинасын, бергенін, алыс-берісін көрсету деген нәрсені өз басым ұнатпаймын. Әркім әртүрлі ғой. Сын айтсаң бәлеге қаласың, айтпасаң «неге айтпады?» дейді. Айтсаң, тағы да осы. Тіптен бұл әркімнің өз шаруасы ғой. Дегенмен, өнер адамы қашан да жұмбақ болып қалуы керек. Қолжетімсіз болуы керек, – деді әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 21
Ұнамайды 0
Күлкілі 3
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары