$ 443.37  474.49  4.83

Абылай Мырзахметовты қамауға алу мерзімі ұзартылды

Мырзахметовты қамауға алу 10 желтоқсанға дейін созылды.

 

 

Фото: sputnik.kz
Фото: sputnik.kz

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовты қамауға алу мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Мырзахметовты қамауға алу 10 желтоқсанға дейін созылды.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 31 қазанда күдікті А.Мырзахметовке қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын 10 желтоқсанына дейін ұзартуға санкция бергенін хабарлаймыз, – деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Абылай Мырзахметов 12 мамырда қамауға алынды. Мырзахметов туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға көмектесіп, кәсіпкерді аса ірі көлемде пара беруге итермеледі және алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары