$ 494.87  520.65  4.91

Ерлан Қошанов: Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді

Біз өтініш беру тәртібінен анықтау тәртібіне көштік.

Фото: ҚР Парламенті Мәжілісі
Фото: ҚР Парламенті Мәжілісі

Қазақстанның Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогына төрағалығы аяқталды. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Астана қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық конференцияны қорытындылай келе, форумның 2023 жылғы жемісті жұмыстарын атады, деп деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстан адам құқықтары, әйелдер құқығы, гендерлік теңдік және басқа да көптеген халықаралық конвенцияларды ратификациялады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биыл тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтілді. Біз өтініш беру тәртібінен анықтау тәртібіне көштік. Бүгінде заң шығарушы ретінде жұмысты тереңдете түстік. Депутаттар осы саладағы заңнамалық түзетулердің жаңа пакетін әзірлеуге кірісті. Ең әуелі  біз тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілеуді жоспарлап отырмыз, – деді Мәжіліс спикері.

Мәжіліс төрағасының орынбасары Дания Еспаева биылғы конференцияның «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» аясында өтіп жатқанын, бұл Орталық Азияда зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен азат аумақ құруға деген ұмтылысты айқын көрсететініне назар аударды.

Талқылауға Қазақстан және Өзбекстан парламенттерінің спикерлері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркіменстан парламентшілері, мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.

Орталық Азия елдерінің әйелдер диалогына төрағалық Қырғыз Республикасына өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары