$ 494.87  520.65  4.91

Шығыс Қазақстанда омартаға шыққан отбасы адасып кеткен

Олардың көлігі бұзылып қалғаны, өз бетінше елді мекенге орала алмағаны белгілі болды.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Өскемен қаласының үш тұрғыны және 2010 жылы туған бала бірнеше күн бұрын омартаға шығып, адасып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ШҚО ТЖД-ға сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, құтқарушылар қар басқан, ұзақ шақырым жолды еңсеруге мәжбүр болды. Нәтижесінде 4 желтоқсанда ТЖД қызметкерлері Киреевка ауылынан үш шақырым жерде орналасқан омарталардың бірінен отбасын тапты.

Олардың көлігі бұзылып қалғаны, өз бетінше елді мекенге орала алмағаны белгілі болды. Адамдар Өскеменге жеткізілді. Бақытымызға орай, оларға медициналық көмек қажет болмады, - деді ШҚО ТЖД өкілі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары