Кувейттің тақ Мұрагері шейх Машааль аль-Ахмед ас-Сабах осы елдің Әмірі болды.
Кувейттің тақ Мұрагері шейх Машааль аль-Ахмед ас-Сабах осы елдің Әмірі болды. Бұл туралы Кувейт мемлекеттік телеарнасынан мәлім болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Осыған дейін мемлекеттік телеарнаның эфирінде Кувейтттің 16-шы Әмірі шейх Наваф аль-Ахмед аль-Джабер ас-Сабах 86 жасында қайтыс болғанын хабарлады.
Біз Кувейт мемлекетінің Әмірі, шейх Наууаф әл-Ахмед ас-Сабахтың қазасын зор өкінішпен қабыл ала отырып, қабырғамыз қайыса қайғырамыз, – деп келтіреді Al Jazeera кеңсе хабарламасын.