Рахмонов екінші раундта тұншықтыру әдісімен қарсыласынан басым түсіп, жеңіске жетті.
Қазақстандық балуан Шавкат Рахмонов (17-0) UFC-де алтыншы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Ол Лас-Вегаста (АҚШ) өткен 296-шы турнирде өнер көрсетті, онда америкалық Стивен Томпсонмен (17-6-1) жұдырықтасты. Бұл жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептелген еді, алайда Рахмонов екінші раундта тұншықтыру әдісімен қарсыласынан басым түсіп, жеңіске жетті.
Осылайша, Шавкат Рахмонов кәсіби мансабында он сегізінші жеңісіне жетті, ал Стивен Томпсон жетінші рет жеңіліске ұшырады. Бұл Рахмоновтың 2023 жылғы екінші жекпе-жегі болды: ол наурыз айының басында америкалық Джефф Нилмен (15-5) жекпе-жек өткізіп, үшінші раундта оны тұншықтыру әдісімен жеңді.
Жекпе-жектен кейін Рахмонов Леон Эдвардс-Колби Ковингтон арасындағы жекпе-жектің жеңімпазын төбелесуге шақырды.
"Халқымды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Бұл жеңіске өте қуаныштымын. Көп рахмет! Мен атаққа дайынмын деп ойлаймын. Эдвардс-Ковингтон арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен атаққа таласамын деп сенемін!"- деді ол.