$ 443.44  480.51  4.88

Мұхамедиұлы өзімен бірге айыпталған 4 азаматқа қатысты пікірін айтты

«Қалған өмірін мен үшін түрмеде өткізгенін қаламаймын».

Фото: Голос народа
Фото: Голос народа

Ұлттық музейдің экс-басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы өзімен бірге айыпталып жатқан өзге төрт азаматқа қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК жаңалықтарына сілтеме жасап. 

Қазір «Алтын адам көрмесі» мен «Дипломат» қонақүйіне қатысты істер біріктіріліп, жаңаша айыптау актісімен қаралуда.

Айыпталушылардың қатарында экс-министрден бөлек, Абай Сатыбалдин, Леонид Кочетов, Алмас Нұразхан, Азамат Көшенов пен Айым Сәдуақасова бар. Олар бұған дейін «Алтын адамның» әлем мұражайларындағы көрмесі бойынша 7 жылға сотталған-ды.

Үкімі шығып қойған істің қазір «Дипломат» қонақүйіне қатысты іспен неге біріктірілгені барлығына беймәлім. Айыпталушылар істің мән-жайын біліп-тануға уақыт аз деп шағымдануда. Сондай-ақ осы сот отырысын өткізуге тиіс судьяның қандай себеппен ауысқаны белгісіз.

Қазір сот болып жатыр. Отырған жігіттердің ешқайсының кінәсі жоқ. Ешқандай қылмыс, ешқандай ізі де жоқ. Былайша айтқанда, ешқандай фактісі де жоқ. Бәріне «Мұхамедиұлына сыйлық апарып бердіңдер» деп айтыңдар деген. Барлығы «ондай болған жоқ» деп. Оларда намыс бар. «Айтпасаңдар, отырғызамыз» деді, дейді айыпталушы Мұхамедиұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары