«54 – қашан аяқтайтынымды өзім айтам», - деп жазды ол.
38 жастағы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатында кезекті голын соғып, өзі ойнайтын «Әл-Насрға» кезекті жеңісін алып келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл португалдық футболшының биыл соққан 54-ші голы. Осылайша ол әлем бойынша жылдың ең үздік сұрмергені атанып отыр.
Осы ойыннан кейін Роналду өзінің Instagram-парақшасына жазба қалдырып, қуанышымен бөлісті.
«54 – қашан аяқтайтынымды өзім айтам», - деп жазды ол.
Айта кетейік, «Әл-Наср» кеше сырт алаңда «Әл-Таавунмен» ойнап, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Қонақтар сапынан Марцело Брозович (26), Эмерик Ляпорт (35), Отавио (50) және Роналду (90) гол соқса, алаң иелерінен Ашраф әл-Махдиуи (13) көзге түсті.