Ақаудың пайда болуына электр кернеуінің тұрақсыздығы себеп болған.
Қарағандыда 2024 жылдың 10 қаңтары күні кешке жылу желілерінде апат болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Теплотранзит Қарағанды" ЖШС мәліметінше, ақаудың пайда болуына электр кернеуінің тұрақсыздығы себеп болған.
Электр кернеуінің тұрақсыз болуының себебінен Дүйсембеков көшесіндегі "Панель-Центр" жылу сорғы станциясында қысқа мерзімді тоқтатулар мен сорғы агрегаттарының өздігінен іске қосылуы орын алды, қысымның күрт көтерілуінің нәтижесінде гидросоққы пайда болып Әшімов көшесінде ақау орын алды, - делінген хабарламада.