$ 444.14  477.05  4.85

Астананың ескі вокзалы күрделі жөндеуден өтеді

Жөндеу жұмыстарын орындау кезінде халықтың барлық топтары үшін қолайлы және кедергісіз ортаны қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

Фото: ҚТЖ
Фото: ҚТЖ

Астана теміржол вокзалына күрделі жөндеу жұмыстарын бастау жоспарлануда. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы "Қазақстан темір жолы" компаниясына сілтеме жасап хабарлайды. 

Күрделі жөндеу кезеңінде вокзал жөндеу жұмыстарын жүргізу аймақтарына кіруді шектей отырып, үздіксіз жұмыс істейтін болады. Объектіні пайдалануға беру мерзімі мердігер ұйыммен құрылыс-монтаждау жұмыстарына шарт жасасқаннан кейін айқындалады.

Ауқымды жаңарту шеңберінде шатырды, қасбетті, вокзалдың ішкі үй-жайларын, жолаушылар платформалары мен олардағы құрылыстарды жөндеу жоспарлануда. Қолданыстағы дауыс зорайтқыш байланыс жүйелері, бейнебақылау, өрт-күзет дабылы және құлақтандыру құрылғылары жаңғыртылатын болады, - деп жазылған ресми ақпаратта.

Инженерлік жүйелерді ауыстыру, вокзалдың іргелес аумағын абаттандыру көзделген.

Жөндеу жұмыстарын орындау кезінде халықтың барлық топтары үшін қолайлы және кедергісіз ортаны қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары