$ 494.87  520.65  4.91

Болат Назарбаевтың үлесіндегі базардың жері мемлекетке қайтарылды

Жер учаскелерін өтеусіз беру туралы «Қордай Инвест» ЖШС-ның барлық шарттары жарамсыз деп танылып, күштері жойылды.

Фото: Прокуратура
Фото: Прокуратура

2004 жылы Қордай ауданы әкімдігінің және Қордай ауылдық округі әкімінің актілерімен Б. Н. Назарбаевқа тиесілі «Қарасай БН-Тараз» ЖШС-ға «Барыс-2» сауда кешеніне қызмет көрсету үшін ауданы 34,3017 га учаске берілген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жамбыл облысының прокуратурасы учаскені беру кезінде оның тәртібі бұзылғанын мәлімдеді.

Атап айтқанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы ерекше қорғалуға жататын ауданы 22,25 га суармалы егістік жердің бір бөлігі базарға қызмет көрсету үшін берілген. Осыған байланысты аудан прокуратурасы аудан және ауылдық округ әкімдіктерінің актілерін, сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану және күшін жою туралы сотқа талап қою берді. Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысымен «Қарасай БН-Тараз» ЖШС-мен Қордай ауданы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімі арасындағы 24.07.2007 жылғы № 81 және № 82 жер учаскелерін сатып алу-сату, жер учаскелерін өтеусіз беру туралы «Қордай Инвест» ЖШС-ның барлық шарттары жарамсыз деп танылып, күштері жойылды», — деп жазды бақылаушы органнан.

Сот қаулысы 2023 жылғы 28 желтоқсанда заңды күшіне енген, жер учаскелеріне мемлекеттік актілердің күші жойылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары