$ 441.58  480  4.86

Желіде ресейлік бапкерлердің қазақ төрешілерін балағаттап жатқан видеосы тарады

Видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

Қазақстаннның Қостанай қаласында футболдан Қазақстан мен Ресей құрамалары арасында кездесу өткен болатын. Футбол лигасы кезінде SD Family және 2Drots командалары жанжалдасып, жұртшылықтың назарын аударған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Nege.kz жазуынша, Ресей құрамасының бапкері Дмитрий Кузнецов қазақстандық төрешінің шешіміне көңілі толмайтынын айтып, балағат сөздер айта бастаған. 

Видеода жаттықтырушының: «Маған не көрсетіп жатырсың? Менің бетіме келіп, көрсет. Сен кімсің? Чукча», – деп балағаттап жатқанын көруге болады. 

Видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Жанкүйерлер ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін бапкерлерді жауапқа тартуға шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары