$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай облысында 24 адам қарлы боранда қалып қойды

 

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қостанай облысында қарлы боранда қалып қойған 24 адамға көмек көрсетілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

5 ақпанда Қостанай облысының Рудный-Қашар-Федоровка автожолында, Сарыкөл көлінің жағасында және Арқалық-Торғай тас жолында ТЖД күштерімен қар құрсауында қалған жеңіл автомобильдерден 24 адам құтқарылды. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Жолға шыққан кезде жүргізушілер көліктің жай-күйін мұқият тексеріп, жолдардың жағдайы туралы ақпаратты қадағалап отыруы тиіс. Дауылды ескертулерді алған кезде, әсіресе түнде және ауа-райы қолайсыз болған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шығудан және ұзақ қашықтыққа серуендеуден аулақ болу керек, дейді ТЖМ өкілдері. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары