$ 443.44  480.51  4.88

Ақтөбедегі барлық мектепте сабақ қашықтан өтеді

Оның ішіне балабақша, мектеп, колледж секілді барлық тәрбие, білім беру мекемесі кіреді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ақтөбе облысында жел күшейіп, боран соғып тұр. Бүгін барлық білім беру мекемесінде сабақ қашықтан болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ақтөбеде балабақша, мектеп, колледж секілді барлық тәрбие, білім беру мекемесі бүгін қашықтан ғана жұмыс істейді.

Ақтөбе облысының білім басқармасы ауа райының қолайсыз болуына байланысты Ақтөбе облысының барлық білім беру мекемелерінде оқу процесі қашықтан ұйымдастырылатынын хабарлайды, — деп жазды Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

Естеріңізге сала кетейік, 5 ақпанда Қостанай облысының Рудный-Қашар-Федоровка автожолында, Сарыкөл көлінің жағасында және Арқалық-Торғай тас жолында ТЖД күштерімен қар құрсауында қалған жеңіл автомобильдерден 24 адам құтқарылды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары