Айтулы додада талай біріншілікте топ жарғандар өзара бақ сынасады.
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында 2024 жылға арналған құсбегіліктен ересектер арасында басталған XVII ҚР чемпионатына әлемге танылған әйгілі бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы да қатысады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Бүркітші Айшолпан Қазақстанға көшіп келді
ҚР Ұлттық спорт түрлері федерациясы мәлім еткендей, сайыпқыран баптаған саятшылар мен құсбегілікке қызығатын қауым үшін XVII ҚР чемпионаты өте тартысты өтпек.
8 ақпанда бастау алған құсбегілер арасындағы ел біріншілігі 12 ақпанға дейін жалғаспақ.
Аталған біріншілікке ителгі, бүркіт, қаршыға құстары қатысады. Жеңімпаздар арнайы кубок, диплом, медальдармен және түрлі қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Айтулы додада талай біріншілікте топ жарғандар өзара бақ сынасады.
Cонымен қатар бұл құсбегілер сайысында бар әлемді тәнті еткен бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызы да өз өнерін ортаға салмақ. Біріншіліктің басты мақсаттарының бірі – ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан ата дәстүрді ұмытпай, жаңғыртып, жаңа қырынан көрсету.