$ 444.14  477.05  4.85

Астанада бірінші ауысым оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды

Ауа температурасы түнде -33-35 дейін, күндіз -27-29 градусқа дейін 0-ден төмендейді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Елордада ауа райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқиды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Ауа райының нашарлауына байланысты 2024 жылдың 16 ақпанында 0-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері (9-сынып базасында) бірінші ауысымда қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген Астана қаласы Білім басқармасының хабарламасында.

Естеріңізге салсақ, "Қазгидромет" синоптиктері 16 ақпанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжады. Солтүстік-батыс жел екпіні 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -33-35 дейін, күндіз -27-29 градусқа дейін 0-ден төмендейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары