Халықаралық турнирде 48 елден 541 спортшы жүлдеге таласты.
Таэквондодан 13-14 ақпан күндері Анталияда (Түркия) өткен халықаралық турнирде жерлестеріміз 2 күміс, 1 қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
13 ақпан күні әйелдер арасында 73 келідегі Жансель Дениз финалдық бәсекеде Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы, осы салмақтағы басты фаворит саналған Альтея Лореннен есе жіберді.
ЖЕРЛЕСІМІЗДІҢ ЖАРЫС ЖОЛЫНДАҒЫ ҚАРСЫЛАСТАРЫ:
1/8 финал. Нур Назар Мохаммед 2:0
1/4 финал. Ивета Жиранкова 2:1
1/2 финал. Суде Ярен Узунчавдар (Еуропа ойындарының чемпионы) 2:0
Финал. Альтея Лорен 1:2
Ал 14 ақпан күні ерлеріміз сайысқа шықты.
73 келіде бақ сынаған Самирхон Абабакиров финалдық бәсекеде Еуропа чемпионы, Франция спортшысы Сириан Раветке жол берді.
+87 келідегі Руслан Жапаров жартылай финалдық кездесуде чемпион атанған Миколаж Заферскийден жеңілді.
Халықаралық турнирде 48 елден 541 спортшы жүлдеге таласты.