23.02.2024, 21:30

Балабақшадағы төбелес. Зардап шеккен бүлдіршіннің қазіргі жағдайы белгілі болды

Фото: dauletten инстаграм парақшасынан

Сондай-ақ баланың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева балабақшада бір топ баладан қорлық көрген балаға қатысты ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Алматыда балабақша қызметкері мен ата-аналар жауапқа тартылуы мүмкін (ВИДЕО)

Динара Зәкиева Instagram-дағы парақшасында Алматыдағы балабақшада болған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Айтуынша, қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ баланың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Алматыдағы балалар құқығы жөніндегі уәкіл Диана Ерлан ауруханаға барып, зардап шеккен баланың жағдайын біліп қайтты. Бүлдіршін ауруханада әжесімен бірге жатыр. Денсаулық жағдайы - орташа ауыр дәрежеде екен. Қазір оқиғаның мән-жайы, сондай-ақ балалардың қатыгездік көрсетуіне не түрткі болғаны анықталып жатыр, - деді Зәкиева.

Еске салсақ, Алматы қаласының балабақшасында болған жағдай елдің жағасын ұстатты.