$ 494.87  520.65  4.91

12 наурызға арналған ауа райы болжамы

Қазгидрометтің мәлімдеуінше, бүгін көптеген аймақта жауын-шашын жауып, тұман түседі және көктайғақ болады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Синоптиктер бүгін, 12 наурызда еліміздің 14 өңірінде қолайсыз ауа-райы болатынын жариялады деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазгидрометтің мәлімдеуінше, бүгін көптеген аймақта жауын-шашын жауып, тұман түседі және көктайғақ болады.

Атап айтар болсақ, Астана және Алматы облысында тұман түсіп, Жетісу облысында кей кезде тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының шығысында көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ. Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте таңертең және күндіз нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Абай облысының күндіз батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының күндіз солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстік-шығысында тұман.

Қостанай облысында қар, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Павлодар облысында жауын-шашын (көбінесе қар), облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облысының оңтүстігінде, шығысында тұман.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары