$ 494.87  520.65  4.91

Франция президенті Мұхтар Тайжанның ұлын Эйфель мұнарасында құттықтады

Бұл туралы Санжар Тайжан әлеуметтік желіде бейнежазба жариялап, Франция басшысымен сұхбаттасқан сәтін жариялады. 

Фото: el.kz
Фото: el.kz

Қазақстандық қоғам белсендісі Мұхтар Тайжанның ұлы Санжар Тайжан Парижде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасап, соңынан оларды Франция Президенті Эмманюэль Макрон арнайы құттықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Санжар Тайжан әлеуметтік желіде бейнежазба жариялап, Франция басшысымен сұхбаттасқан сәтін жариялады. 

Мен сүйікті қызыма үйленуге ұсыныс жасадым. Франция Президенті Э.Макрон бірнеше сағаттан кейін бізді құттықтады, - деп жазды Санжар Тайжан. 

Бейнежазбада көпшілік арасында жүрген Франция Президенті қазақ жастарына жауап беріп, олардың Қазақстаннан екенін білгенін білген соң елімізді білетінін, бірнеше рет ресми сапармен барғанын айтты. Сондай-ақ, үйленуге бел буған жұпқа бақыт тіледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары