Бұл – FIS кубогінің ересектер арасындағы отандық шаңғымен тұғырдан секіру тарихындағы алғашқы жеңіс.
Қазақстандық спортшы Данил Васильев алғаш рет FIS Кубогінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогі өтіп жатыр.
Үлкен трамплиннен секіруде (Large Hill HS 140) отандасымыз Данил Васильев алтын медаль жеңіп алды.
Бұл – FIS кубогінің ересектер арасындағы отандық шаңғымен тұғырдан секіру тарихындағы алғашқы жеңіс.
Сонымен қатар осы жарыста бақ сынаған Канвон-2024 қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерн 15-орынға ие болды.
FIS кубогы нәтижесінде Данил Васильев 249.4 ұпаймен топ жарды. Ал күміс медаль 247.5 ұпай жинаған даниялық Мартин Хамамға, қола медаль 246.5 ұпаймен австриялық Ульрих Волгенантқа бұйырды.
13 елден 78 спортшы қатысып жатқан жарыс бүгін аяқталады.