$ 495.2  522.34  4.94

Түркістандағы көкпарда үш жасар баланың батасы жұртты сүйсінтті (ВИДЕО)

Видеоны  ұлттық ойынды тамашалауға келген көрермендердің бірі ТікТок желісінде жариялаған.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Түркістан облысы Шәуілдір ауылында өткен көкпарда 3 жасар бала жиналған көпшілікке берген батасымен көзге түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Otyrarkz-ке сілтеме жасап.

Видеоны  ұлттық ойынды тамашалауға келген көрермендердің бірі ТікТок желісінде жариялаған. Онда балақай көпшіліктен қолдарын жаюды сұрап, бата беретінін айтады.

«…Көре алмаған дұшпаның,

Мұратына жетпесін.

Аман да болсын мал басың!

Еш жамандық болмасын.

Үбірленіп үйіңде балаларың көп болсын!», - дейді бүлдіршін.

Батаның соңында балақай көкпар ойынын ұйымдастырып отырған Өскенбай есімді азаматтың үйінде «қошқааардай, қошқаааардай егіз ұлдар келе берсін» деп тілейді.

Желі қолданушылары жаңылмай, тоқтамай, әр сөзін нық айтып  бата берген 3 жасар балаға тәнті болып, риза көңілмен  тілегін жазып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары