$ 495.2  522.34  4.94

«Ажырасқаныма қуанамын»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі некедегі өмірін еске алды

Назымның айтуынша, екі жыл қол ұстасып жүргеннен кейін Бишімбаевқа тұрмысқа шыққан.

Фото: nazymkakharman инстаграм парақшасынан
Фото: nazymkakharman инстаграм парақшасынан

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың бірінші әйелі Назым Қаһарман күйеуімен өткен өмірі, ажырасу себебі туралы сыр бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Назымның айтуынша, екі жыл қол ұстасып жүргеннен кейін Бишімбаевқа тұрмысқа шыққан.

Тұңғышымды 27 жасымда босандым. 14 жыл тұрмыста болдым. Бірақ түрлі оқиғалардың көптігіне байланысты 14 жылдан екі есе көп өмір сүрген сияқтымын (тергеу изоляторы секілді, бір күн екі күнге тең). Оның ішінде болашағы зор, ақылды жігіттің жұбайы болдым, отағасының карьерасын бірге құрдық; Экономика министрі болдық, супер және ресми қабылдауларға кірдік. Сотталған зэк те болып, зоналар мен түрмелердің бәрінен өттік. Бір уақыттары бақытты болып та үлгердім, бірақ көбіне алданған, депрессияға ұшыраған, бақытсыз, кейде сызат түскен некемізде де өміріме риза болып жүрдім, - деп жазды Назым Қаһарман Instagram парақшасында.

Бишімбаевпен бірге олар үш баланы тәрбиелеп өсірді. Бірақ некелері құрдымға кетіп, ақыр соңында ажырасып тынды.

Бұл неке маған үлкен сабақ болды. Тұңғиыққа батып кетіп, кейіннен өзімді тауып, қайта оралдым. Бұл ұзақ процесс болды, бірақ соған лайық еді. Нәтижесінде мен ажырасуға өтініш бердім. Себебі, өмірлік серігімнен көзқарасым өзгеріп, енді жолымыз бір болмайтынын түсіндім. Көбісі райымнан қайтармақ болды, арада балалар бар, статус, ұят болады, Құдайдың әмірі емес.

Ажырасқаныма қуанамын. Балаларым үшін де, ол үшін де бәрін жеңіл өткіздім. Оған ұзақ жылдар бойы дайындалдым. Бәрі жақсы өтті. Біз жұрт мақтайтын, керемет жұп болмадық, бірақ біз бірге балалар тәрбиелеген керемет экс-жұбайлар болдық. Біз оның тойына қуандық, балалар тіпті құдалығына қатысып, әкесінің жаңа әйелін жақсы көрді. Ары қарай не болғанын өздеріңіз де білесіздер..., - деп түйіндеді Назым Қаһарман.

Айта кетейік, 2023 жылдың 9 қарашасында экс-министрге өз әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген айып тағылды. Оған ҚР ҚК 110-бабының 2-бөлігі (Азаптау) және 99-баптың 2-бөлігі (Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру) бойынша айып тағылған. Егер қылмысы дәлелденсе экс-министр 20 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары