$ 494.87  520.65  4.91

Ресейдегі теракт: желіде күдіктіден жауап алу сәтінен видео тарады

Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 133-ке жетті.

Фото: видеодағы кадрдан алынды
Фото: видеодағы кадрдан алынды

Әлеуметтік желіде Мәскеудегі «Крокус сити холда» теракт ұйымдастырған күдіктіден жауап алу сәтінен видео жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол Брянск облысында жасырынбақ болған жерінен ұсталды.

Желіде тараған видеода қансыраған күдікті тастанды автоматқа қатысты сауалға жауап берген. Ол орманда ұсталған.

«Renault» маркалы көліктен автоматты қайда тастадыңдар деген сұраққа  күдікті «Менің достарым тастады, олардан сұра» деп жауап берген.

Еске салсақ, 22 наурыз түні Мәскеудің солтүстік-батысындағы «Crocus City Hall» концерт залында атыс болып, кем дегенде үш камуфляж киген адам оқ жаудырды. Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 133-ке жетті.

Осыған байланысты Қазақстан президенті лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары